21 маусым күні Сәтбаев қаласының Кеншілер алаңында Ұлытау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық алаң 2025: Taza Qadam» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
🔹 Іс-шараның мақсаты – халық арасында діни экстремизмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау және қоғамда зайырлы көзқарасты қалыптастыру.
🔹 Шара аясында:
✅ Қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік заңнама және деструктивті діни ағымдардың қаупі туралы 500-ден астам ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.
✅ Викториналық сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ зиялыларының өмір жолы және зайырлылық қағидаттары қамтылды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерге арналған «Жалғасын тап» ойыны ұйымдастырылды.
✅ Дәстүрлі әншілер ән салып, күйшілер ұлттық күйлер орындады.
✅ Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға белсене атсалысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Бірге Taza Qadam жасап, ұлттық болмысымызды нығайта берейік!