Татулық пен тұрақтылық – қауіпсіз қоғамның тұғыры!

Татулық пен тұрақтылық – қауіпсіз қоғамның тұғыры!

Татулық пен тұрақтылық – қауіпсіз қоғамның тұғыры

2025 жылғы 15 мамырда Ұлытау өңірінде рухани қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған екі маңызды семинар өтті. Бұл күн – тек бас қосу емес, ой мен тәжірибе, парасат пен пайым тоғысқан тағылымды күн болды.

Семинарлардың құрметті қонағы – Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Даңқ» және «Айбын» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Кендебай Сарыбайұлы Адамбек болды. Өз баяндамасында Кендебай Сарыбайұлы діни экстремизмге қарсы күрестегі көпжылдық тәжірибесін бөлісіп, жастармен жұмыс пен ақпараттық-түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Бірінші семинар

Тақырыбы: «Экстремизмнің алдын алу: практикалық әдістер мен өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер».
Қатысушылар: ҚМДБ, білім беру мекемелері, ішкі саясат органдары, ҮЕҰ, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері.

Бұл жиын рухани тәрбие мен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту жолында өткізілді. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, қоғамда теріс идеологиялардың алдын алу және мемлекеттік емес құрылымдармен тиімді өзара түсіністік орнату мәселелері талқыланды.

Екінші семинар

Тақырыбы: «Діни экстремизмнің алдын алу: қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық және тиімді іс-қимыл тетіктері».
Қатысушылар: ҰҚКД, прокуратура, ПД, ҚАЖД, қала және аудан әкім орынбасарлары, ТҚК хатшылары.

Бұл шара ішкі қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құрылымдардың арасында ынтымақтастықты күшейту мәселелерін қарастырды. Терроризмге қарсы іс-шараларды үйлестіру, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеттерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Екі семинар да бір мақсатқа қызмет етті: ойлы қоғам қалыптастыру, ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты мемлекет құру. Генерал-майор Кендебай Адамбек өз сөзінде «Қауіпсіздік – бұл тек шекараны күзету емес. Бұл – сана мен сенімді, ел мен еркіндікті қорғау. Жастарға дұрыс бағыт, қоғамға дұрыс ақпарат беру – бұл да ұлттық қауіпсіздік» деп атап өтті.

#Ұлытау #ДіниЭкстремизм #ҚауіпсізЕл #ҰҚК #ТҚК #ЖастарБолашағы #ҰлттықТұтастық #РуханиИммунитет