Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Жалпы дәрігер болғысы келетін жандар көп екендігі айтпаса да түсінікті, алайда екінің бірі дәрігер бола алмайды. Дәрігер мамандығының жүгін абыроймен көтере білгендердің бірі Сейткамал Ілиясов.

Сейткамал Ілиясов Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын Жезқазған қаласының №1 ауруханасында терапевт қызметінен бастап, Жезді, Қарсақбай ауруханаларында тұрғындарға терапевтілік көмек көрсетіп қана қоймай, балалар дәрігері, тері ауруларын емдеу, психикалық ауытқуларға шалдыққан науқастарға және неврологияға шалдыққандарға көмек көрсетті.

1980 жылы Жезқазған қаласының "Жедел жәрдем" станциясына ауысып, кардиологиялық және реанимациялық бригада ашуға ат салысып, өзі сол бригадада жұмыс істейді. Бригадаларды жаңа үлгідегі аппаратулармен жабдықтау ісіне орасан зор күш салып, соның нәтижесінде клиникалық өлім нәтижесіндегі бірнеше адамның өмірін сақтап қалған. Ол осы уақыт аралығында реаниматология-анестезиология мамандығын игеруге ұмтылыс жасап, 1987 жылы Иркутск қаласына барып алған біліммен шыңдайды. Осының арқасында аурухананың бас дәрігері Дүйсембай Ахметовтың қолдауымен жаңа үлгідегі көптеген аппаратуралар алынып (гемофорбция, плазмофорез, барокамера, лазерьмен емдеу т.б.) оны дәрігерлік жұмыс барысыңда пайдалану барынша қолға алынды. Бірінші рет перидуалды анестезиясын еңгізіп, көптеген оталарда пайдаланылады. Гемосорбцияны бірінші қолдану нітижесінде бір сағаттың ішінде инфаркт болған жүректі толық қалпына келтірген. Барокамераның көмегімен иіс тиіп уланған адамның өмірін аман сақтауда да үлкен жетістікттерге жетті. Плазмоферез апаратын ревматоидты артрит, бронхиалдық жүрек соғысының ырғағы бұзылған жағдайларға шеберлікпен қолдана білді.
1995 жылдың желтоқсан айында жаңадан ашылған «Арнайы емдеу – сауықтыру» мекемесі директорының емдеу ісі бойынша орынбасары, 2012 жылы осы мекеменің директоры, 2015 жылы туберкулезге қарсы диспансердің директоры болып тағайындалған Сейткамал Ілиясов кейіннен қалалық емхана директорының орынбасары қызметіне ауысты. 2017 жылы «Консультативтік – диагностикалық орталықтың» меңгерушісі болып тағайындалды. «Жедел жәрдем» бөлімшесінің меңгерушісі жұмысын бірге атқарды. Сонымен қатар 2017-2019 жылдары жаңадан ашылған орталықтың материалды – техникалық базасын нығайтуға, мамандар даярлау ісіне ат салысты.

Медицина саласын дамытып, халықтың денсаулығын жақсартуда атқарған ерен еңбегі еленбей қалған жоқ, бірнеше мәрте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, республикалық кәсіподақ ұйымның, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» үшін

төсбелгісінің иегері атанды.
Сейткамал Ілиясов медицина саласына еңбегі сіңген жоғары санатты дәрігер, пайым-парасаты мол, білікті қызметкер.

Құрметті, Сейткамал Ілиясов, адал да тыңғылықты, кәсіби деңгейдегі көпжылғы еңбегіңіз үшін Сізге Мың алғыс!