"Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ "Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ТБН4) №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыруды үйлестіру мақсатында, 2025 жылғы 27 наурызда сағат 17:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 8 7102 999509 (7406 ішкі) телефоны бойынша хабарласа алады.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1, 7-қабат, 703-кабинет.