Қазақстанда ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда. Бұл ретте республика бойынша үш міндетті орындау көзделген, яғни біріншісі - 655 МСАК объектісін салу, екіншісі - жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды жарақтандыру арқылы 32 заманауи көп бейінді орталық аудандық ауруханалар деңгейіне көтеру, үшіншісі - ауылдық денсаулық сақтау объектілерін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету.
Ұлытау облысы бойынша жоба шеңберінде барлығы 20 МСАК объектісінің (11 медициналық пункт (МП), 7 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), 2 дәрігерлік амбулатория (ДА) құрылысы жоспарланған. Тапсырыс беруші Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады.
Бүгінде Жаңарқа ауданының Ынталы ауылында бір ФАП пайдалануға берілді, Ұлытау ауданының (Байқоңыр, Терісаққан, Мибұлақ, Қоскөл) ауылдарында 4 ФАП құрылысы аяқталды, оларды медициналық техникамен жете жаблықтау күтілуде.
2024 жылдың соңына дейін қажетті жабдықтармен толық жабдықталған 15 денсаулық сақтау объектілерін (11 МП, 2 ФАП, 2 ВА) тапсыру көзделген. Ұлытау ауданында – 6 МП (Егінді, Алғабас, Қорғасын (Шеңбер), Ақтас кенті, Пионер, Айыртау елді мекендерінде), 1 ФАП (Борсеңгір ауылы), 1 ДА (Қаракеңгір ауылы), сондай-ақ, Жаңаарқа ауданында – 5 МП (Ақбастау ауылы, Кенжебай – Самай, Айнабұлақ, Манадыр, Атасу станциялары), 1 ФАП (Ескене (Талдыбұлақ), 1ДА (Ақтөбек) жаңартылады.
Жобаның екінші міндетін орындау үшін Жаңаарқа ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасында (КОАА) дайындық жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде ауданаралық аурухана мәртебесін алады және бірнеше елді мекендердің, оның ішінде көрші аудандардың аумағында орналасқан халыққа қызмет көрсететін болады.
Аурухананы жарақтандыру үшін 400 миллион теңгеден астам сомаға 20-ға жуық заманауи медициналық техника сатып алынды.
Бүгінгі күні стационарда 10 төсектік инсульт бөлімшесі ашылып, жұмыс істейді, политравма, реанимация және кардиологиялық төсек бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Халықаралық стандарттарға сай қабылдау-диагностикалық бөлімше салынады. МРТ, ангиограф, реанимация бөлімшелері мен операциялық бөлмеге арналған жабдықтар сатып алу қарастырылған. Аурухананың жабдықталу деңгейі 87% құрайды.
Жобаның үшінші маңызды міндеті-кадрлармен қамтамасыз ету.
Жалпы, өңірдің денсаулық сақтау саласын, оның ішінде ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылы облыстық бюджеттен жаңадан келген мамандарға көтерме қаражат төлеуге 95 млн теңге (5 млн теңгеден) сомасында қаражат бөлінді, 2024 жылы бұл сома 150 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, ауылдық жерлер үшін оның мөлшері 9 млн теңгені құрайды.
Осы шараның арқасында Жаңаарқа ауданына 2 маман - сәулелік диагностика дәрігері және анетсезиолог реаниматолог жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары КОАА деңгейінде қосымша қажеттілікті жабу үшін жергілікті бюджет есебінен кемінде 2 маманды резидентурада оқыту қамтамасыз етіледі.
Бұған қоса, аурухананың кеңеюін ескере отырып, жаңа штаттық кесте жасалды, оның ішінде дәрігерлер, орта медицина қызметкерлері (ОМҚ) және кіші персонал (КП) саны 10-нан 30% - ға дейін ұлғайтылды. 2024 жылдың екінші тоқсанынан бастап екі хирург пен гинеколог жұмысқа кірісті. Тағы 5 жеке бейінді дәрігер келеді деп күтілуде (невропатолог, реаниматолог, кардиолог, травматолог, хирург).
2024 жылы 12 дәрігер, 30 ОМҚ, 2 басқа қызметкер біліктілігін арттырудан өтті.
Осылайша, ауылдық аудан орталығында "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде толық көлемде шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ қалалық, облыстық клиникаларға бармай-ақ мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасалатын болады.
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ісіне облыстың жеке инвесторлары қосымша өз үлестерін қосуда. 13.10.2023 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Орынбай ауылдық округінде тұрғындарға жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Халыққа қажетті әлеуметтік нысан демеушілік қаражат есебінен салынды. Бұл игі істі осы ауданның тұрғыны, кәсіпкер, марқұм болған Қуат Ахметов бастаған. Әке бастамасын ұлдары жалғастырып, өз қаражатына туған ауылына жаңа фельдшерлік - акушерлік пункт салып берді.