ДОКТОР К.Т.ШАКЕЕВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА МАМАНДАРЫНА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

ДОКТОР К.Т.ШАКЕЕВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА МАМАНДАРЫНА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ
"Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Қайрат Танабайұлы Шакеевтің шеберлік сабағы мемлекеттік тапсырыстың арқасында мүмкін болды, оны орындауға арналған конкурс Ұлытау облысының "Жезқазған қаласының Облыстық көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ КМК тарапынан өткізілді.
🔹2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында өткізілген шеберлік сабағының тақырыбы: "Ішек жолдарының хирургиясындағы эндохирургиялық технологиялар". Мақсаты-дәрігерлердің біліктілігін арттыру және ішек жолдарының ісікке жатпайтын аурулары кезінде хирургиялық емдеудің эндохирургиялық әдістерін үйрету.
🔹Профессор К. Т. Шакеев берілген тақырып бойынша дәрістер оқып, облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесі мамандарының алдында келесі операцияларды көрсетті: мегадолихосигма, дивертикулез кезінде тоқ ішектің лапароскопиялық резекциясы, сигма тәрізді ішектің лапароскопиялық резекциясы, өзіндік ерекшеліксіз ойық жаралы колит (НЯК) кезінде тоқ ішектің суботальды резекциясы, лапароскопиялық гемиколэктомия.
Сонымен қатар, дәрігерлер анатомиялық тамырларды, яғни мезентериялық тамырларды, гипогастриялық нервтерді, несепағарларды эндоскопиялық аппараттармен онлайн түрде бейнелеу ерекшеліктерімен таныса алды, бұл ішек жолдарының ауруларын диагностикалауда қазіргі заманғы медицинаның маңызды аспектісі болып табылады.
Шеберлік сабағы соңында эндохирургияның даму келешегі және проблемалық мәселелер, сондай-ақ, ішектердің жабысу ауруын, ішек жолдарын тазартуды ескере отырып, хирургиялық араласу ерекшеліктері айтылды.
- Лапароскопия - бұл арнайы құралдар жүйесінің көмегімен кішкене тіліктер немесе пункциялар арқылы іш қуысы мен кіші жамбасқа кіріп "қарауға" мүмкіндік беретін хирургиялық әдіс. Біздің елде ол 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Бұл технология қарқынды дамып, заманауи медицинада үлкен мүмкіндіктер ашуда. Қазірдің өзінде, әлемде ұрықтың дамуындағы белгілі бір ауытқуларды жою үшін жатырішілік араласу тәжірибесі бар, - деді доктор Шакеев К.Т. Облыстық аурухананың мамандары өз кезегінде біздің өңірде ішек жолдарының, әсіресе тоқ ішек ауруларының өзектілігін атап өтті.
🔹Дәрігерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар өңірдің денсаулық сақтау саласындағы арнайы мамандардың тапшылығы проблемасын шешуге бағытталған. Аталаған жағдайда, шеберлік сабақтары арқылы жаңа хирургиялық технологияларды игерген дәрігерлер облыстық ауруханада көрсетілетін қызметердің деңгейін арттырмақ.