
ҚР ДСМ 23.06.2025 ж. № 403 "Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығын орындау мақсатында, 2026 жылғы 23-24 сәуір аралығында республикалық мониторингтік тобы Ұлытау облысында болды. "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ мамандары В. С. Павлов (кардиолог дәрігер), М. Е. Жекеева (эндокринолог дәрігер) кардиологиялық қызметті дамыту жөніндегі үйлестіруші А. Тұрысбекұлының басшылығымен облыстағы кардиология, нефрология, ревматология, эндокринология бейіндері бойынша медициналық көмек көрсету сапасына бағалады.

Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханасында, Сәтбаев қаласының емханасында, Жезқазған қаласының емханасында, "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС, "Жүрек" ЖШС, "Макенбаева" ЖШС-де тікелей барып тексерулер жүргізілді.

Мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша мынадай оң жақтар атап өтілді: 2025 жылы орындалған араласулар санының өсуі - КАГ (коронарлық ангиография, 14,5%-ға ұлғайды), коронарлық стенттеу (29,0% - ға), кардиохирургиялық емдеу бағдарламасы (9 АКШ (аортокоронарлық шунттау) операциясы және 10 ИКД имплантациясы (имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор) орындалған. Облыста интервенциялық кардиологиялық көмек көрсететін "Жезқазған қаласының медициналық орталығы" ЖШС (2018 жылы ашылған) базасында III деңгейдегі ТКА (тері арқылы коронарлық араласу) орталығы, 5 СЖЖ (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) кабинеті жұмыс істейді. ЖМК (жедел медициналық көмек) бригадалары бейінді көмек көрсету үшін, стационарларға сәтті жеткізілген ЖКС (жіті коронарлық синдром, 95,6%) бар пациенттердің үлесі жоғары.

Сонымен қатар, осы бағыттарда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін, меншік нысанына қарамастан, МСАК медициналық ұйымдарының жұмысын күшейту қажеттігі көрсетілді. Оның ішінде-артериялық гипертониямен, қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу бойынша ЖПД дәрігерлерін оқытуды ұйымдастыруға, созылмалы аурулары бар адамдарды уақтылы тексеруді ұйымдастыруды, қазіргі заманғы дәрілік препараттармен (әсіресе қант диабетімен ауыратын науқастарды) қамтамасыз етуге, Скринингтік тексерулер барысында бастапқы анықталған пациенттермен жұмыс жүргізнтіг денсаулық мектептерінің қызметін жандандыруға назар аударылды. Өңірдегі кардиологтар мен эндокринологтардың тапшылығы мәселесін шешуге, сондай-ақ ҚЖА (қан айна), онкологиялық, инсульт қызметітерін оңтайландыру үшін, өңірлік ахуалдық-талдау орталығын құруға және шалғайдағы кенттерде, қалалар мен аудандарда тұратын халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз ету мақсатында, телемедицинаны дамытуға мән беріліп, ерекше көңіл бөлінді.

Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қысқа мерзімде мониторингтік топтың ескертулерін мен ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіліп, жұмыстар жандандырылатын болады.