ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ


Ұлытау облысына құрамына балалар нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Өленбай, тамырлы және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург – дәрігері Серік Дүйсембаев, жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Ғалымжан Қадырбеков, аз инвазивті нейрохирургия бөлімшесінің дәрігер - нейрохирургі Нұрәлі Аширов кіретін Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы мамандарының бригадасы келді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Нейрохирургия қызметін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында олар Жезқазған қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасында шеберлік сабақтарын өткізді, сондай-ақ халыққа консультативтік және практикалық көмек көрсетті.
Үш күн ішінде орталық мамандары жергілікті нейрохирургтармен бірлесіп 49-70 жас аралығындағы пациенттерге және 2021 жылы туған балаға операция жасады. Бас ми тамыр, жұлын және балалардың нейрожүйелері патологиялары бар пациенттерге заманауи технологияларды (ангиограф, роботталған микроскоп, эндоскоп) қолдана отырып, МӘМС бойынша халық үшін қолжетімді 9 операциялық араласу жүзеге асырылды. Оның ішінде екі пациентке күрделі типтегі аневризма эмболизациясы (жарылудың алдын алу үшін қан ағымындағы ақауды жоюға бағытталған аз инвазивті нейрохирургиялық операция) және біздің облыста алғаш рет балаға эндоскопиялық тривентрикулостомия (окклюзиялық гидроцефалияны емдеуге арналған нейрохирургиялық операция) жасалды.
Жетекші орталықтардан мамандардың келуі облыс ауруханалары базасында күрделі операциялар мен емдік процедуларды жүргізуге мүмкіндік береді. Жергілікті мамандар диагностика мен емдеудің озық әдістерін меңгереді, жұмыстан қол үзбей кәсіби дағдылар деңгейін арттырады, мұның өзі пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.