ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Психикалық денсаулықты қорғау қызметі

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Психикалық денсаулықты қорғау қызметі
 
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлытау облысының психикалық денсаулықты қорғау қызметі дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейді. Оның құрамына облыстық психикалық денсаулық орталығы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы екі бастапқы психикалық денсаулық орталығы, қалалық және аудандық ауруханалар жанындағы төрт психикалық денсаулық кабинеті кіреді.
Облыстық орталықтың құрылымына жалпы қуаты 110 төсектік бес стационарлық бөлімше кіреді, оның ішінде 85 психиатриялық бейіндегі төсек (оның ішінде 25 балалар төсегі) және 25 наркологиялық бейіндегі төсек, 15 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта орталықта 9 дәрігер мен 45 мейіргер қызмет жасайды, басшысы Қалметов Нұрбек Тағайұлы. болып табылады. Психиатр-наркологтар мен психотерапевттерді тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2023 жылдан бастап 3 маман, оның ішінде біреуі медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жобасы бойынша келді (7 млн теңге көлемінде көтерме төлем төленді). Сонымен қатар, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.
Орталықта психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар, оның ішінде бұзылыстары психоактивті заттарды қолдану салдарынан туындаған адамдар емделеді. Қажет болған жағдайда, негізгі ауруды емдеуден басқа, пациенттерге бейінді мамандар — терапевт, акушер-гинеколог, невропатолог, фтизиатр кеңес береді, диагностикалық зерттеулер, соның ішінде ультрадыбыстық диагностика және рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Балалар психиатриясының дамуына ерекше назар аударылады. Балалар бөлімшесі 25 төсекке есептелген және шекаралық жағдайларды қоса алғанда, жүйке-психикалық бұзылулардың әртүрлі нысандары бар 4 пен 15 жас аралығындағы балаларды тексеруді және емдеуді жүзеге асырады. Мұнда мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі, сондай-ақ балалардың оқуын бағалау жүргізіледі және қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтың көмегімен негізгі ауру бойынша мүгедектік белгілерінің болуы анықталады. Балалардың және олармен бірге жүретін ата-аналардың болуы үшін бөлімшеде қолайлы жағдайлар жасалған, балалардың стационар жағдайына неғұрлым жұмсақ бейімделуіне ықпал ететін ойын және дамыту аймақтары қарастырылған. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бөлімше қаланың орталық бөлігіне көшірілді, бұл ата-аналар мен балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырды.
2025 жылы 15 төсектік психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі, 5 төсектік психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды.
Ұлытау облысының психикалық денсаулықты қорғау қызметі пациенттерді емдеуге, алдын алу және оңалту бағыттарына заманауи тәсілдерді енгізе отырып, өңір халқына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету арқылы серпінді дамуын жалғастыруда.