🔹ҰЛЫТАУДА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

🔹ҰЛЫТАУДА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
 
Елімізде ҚР ДСМ 2025 жылдың басында бекіткен Қазақстан Республикасында хирургиялық, нейрохирургиялық қызметтерді жетілдіру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол карталарын (бұдан әрі – Жол картасы), оның ішінде Ұлытау облысында да іске асыру жалғасуда.
Жол картасы аясында Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасында "Қарағанды медициналық университеті" КЕАҚ жетекші мамандарының қатысуымен аз инвазивті хирургия бойынша шеберлік сабағы өтті. Урологиялық, хирургиялық және проктологиялық тұрғыдағы 8 пациентке операция жасалды.
Барлық операциялар кесусіз, заманауи лапароскопиялық және лазерлік технологияларды қолдана отырып жасалады, бұл пациенттердің тез қалпына келуіне мүмкіндік береді. Айта кету керек, бүгінде облыстық аурухана қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
- Біз өз тәжірибемізбен, шеберлігімізбен бөлісеміз, хирургиядағы жаңа бағыттарды көрсетеміз. Біздің жоспарымызда Ұлытау облысының тұрғындарына тұрақты негізде практикалық көмек көрсету бар. Бұл бір реттік жағдай емес. Жергілікті мамандар үйреніп, тәжирбені анағұрлым тез қабылдауына қарай, біз сирек келетін боламыз, - деді Нұрқаси Абатов, м.ғ. к., Full professor, ҚМУ КЕАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры.
Операциялар міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылды. Іс-шара өңір тұрғындары үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекке жасалған тағы бір қадам болды.