
"Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС-де академик Нұрлан Жұмағұлұлы Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған ірі буындарды протездеу бойынша шеберлік сабағы өтті. Бұл оқиға аймақ үшін маңызды болды, өйткені жергілікті мамандар өздерінің кәсіби деңгейлерін көтеруге және елордалық әріптестерінің тәжірибесінмен алмасуға мүмкіндік алды.
Бөлімше меңгерушісі Жан Берікұлы Мүбараков пен облыстың бас штаттан тыс ортопед-травматологы Рүстем Серікұлы Нысамбаевтың үйлестіруімен медициналық орталықтың ортопед-травматологтары мен олардың елордалық әріптестері ірі буындарды ауыстыру бойынша бірқатар күрделі операциялар жасады. Іс-шараға ұлттық орталықтан медицина ғылымдарының кандидаты Валерий Дәулетұлы Серікбаев және жоғары санатты ортопед-травматолог Сергей Владимирович Бугалтер қатысты, олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен Жезқазғандық әріптестерімен бөлісті.
Барлық операциялар МӘМС шеңберінде жүргізілді, бұл медициналық көмекті облыс тұрғындары үшін қолжетімді етеді. "Жезқазған" медициналық орталығының осындай операцияларды жүргізуде тәжірибесі бар. Жыл басынан бері тізе мен жамбас буындарын ауыстыру бойынша 70-тен астам сәтті хирургиялық араласу өткізілген, бұл облыстың пациенттеріне жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді және көмекті инклюзивті етеді.