2025 жылдың маусым айында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Қазавиақұтқару» кәсіпорнына Ми-8АМТ көп мақсатты тікұшағы берілген болатын.
Өңірдің ҚР ТЖМ құрамындағы авиация әлеуетін дамыту мақсатында бөлінген Ми-8АМТ тікұшағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, шұғыл медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді эвакуациялау, табиғи және техногендік сипаттағы өрттерді сөндіру, орман алқаптары мен ерекше қорғалатын аумақтарды әуеден патрульдеу сияқты кең ауқымды міндеттерді орындауға қолданылады.
Бүгін денсаулық сақтау саласындағы алғашқы тапсырыс орындалды. ТЖМ құрамындағы Ми-8АМТ тікұшағымен облыстық жедел жәрдем қызметінің санитарлық авиация қызметкерлері Жәйрем кентінен науқасты Ұлытау облысы Жезқазған қаласы көпбейінді ауруханасына сәтті жеткізді.
Тұрғындарымызға медициналық шұғыл көмекті қамтамасыз етуде санитарлық авиацияның маңызы зор.