ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
 
 
🔹Сәтбаев қаласы емханасының базасында балаларға арналған Ұлытау облысындағы алғашқы Даму және ерте араласу орталығы (ДЕАО) жұмыс істей бастады. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Алғашқы 1001 күн" ұлттық жобасын іске асырудағы маңызды қадам. Ұлттық жоба ерте анықтау және араласу жүйесін дамыту, патронаттық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделін енгізу және бала жасындағы ауруларды кешенді басқару, педиатриялық қызметті жетілдіру, омырау сүтімен емізуді ілгерілету және қолдау сияқты бағыттарды қамтиды.
🔹Орталықтың негізгі міндеті-бала өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап сау болып өсуі мен дамуын қамтамасыз ету. Орталық отбасыларға қолдау көрсету және балалардың дамуындағы ауытқулардың тиімді алдын-алу кеңістігіне айналуы тиіс, бұл баланың даму ерекшеліктерін ерте анықтауға, мүгедектік, созылмалы аурулар мен ауруханаға жатқызу қаупін азайтуға, болашақта қымбат емделуге кететін шығындарды болдырмауға, баланың қажеттіліктері мен отбасының басымдықтарын ескере отырып, жеке көмек жоспарын құруға мүмкіндік береді.Орталықты тәжірибелі дәрігер педиатр Абикенова Дина Набиевна басқарады.
🔹Орталықтың жұмысымен танысқан Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сабина Ниязова:
- МСАКтың (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жаңа моделі балалар денсаулығын қорғаудың кешенді тәсілін көздейді. Бұл учаскелік дәрігерлер мен патронаттық қызметке деген сенімділікті арттырады, сонымен қатар қолдауды, әсіресе жеке бейінді мамандардың тапшылығы бар аймақтарда қол жетімді етеді, деп атап өтті.
🔹Орталықта жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға арналған скринингтер, аутизмге арналған модификацияланған скринингтік тест, күтім және омырау сүтімен емізу мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу, бес жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдеріне күтім жасау және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру сияқты қызметтердің кең спектрі көрсетіледі.
🔹Ерекше назар ведомствоаралық өзара іс-қимылға, патронаждық қызметке және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатыгездіктің алдын алуға аударылатын болады.
Медициналық және психоәлеуметтік көмекті өңірлік дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және басқа да бейінді мамандар көрсететін болады.
🔹Ерте даму және араласу орталықтары ағымдағы жылдың соңына дейін барлық МСАК ұйымдарында ашылады. Мұндағы қызметтер МӘМС жүйесі шеңберінде тегін ұсынылады.