2025 жылы 11 мамыр күні еліміздің тарихы мен рухани бірлігін дәріптейтін “Маңғаз Маңғыстаудан — Ұлт ұясы Ұлытауға” атты рухани-мәдени кеш ұйымдастырылды

2025 жылы 11 мамыр күні еліміздің тарихы мен рухани бірлігін дәріптейтін “Маңғаз Маңғыстаудан — Ұлт ұясы Ұлытауға” атты рухани-мәдени кеш ұйымдастырылды

2025 жылы 11 мамыр күні еліміздің тарихы мен рухани бірлігін дәріптейтін “Маңғаз Маңғыстаудан — Ұлт ұясы Ұлытауға” атты рухани-мәдени кеш ұйымдастырылды. Бұл игі бастама Маңғыстау мен Ұлытау өңірлерінің мәдени сабақтастығын насихаттауға, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жастардың отаншылдық рухын көтеруге бағытталған.

Іс-шара аясында Маңғыстау өңірінің зиялы қауымы және өнер иелері мен жастары Ұлытауға арнайы сапар шегіп, ұлт тарихында ерекше орын алатын қасиетті жерлерге тағзым етті.
Іс-шараның басты мақсаты— халқымыздың түп-тамырына үңілу, тарихи жадымызды жаңғыртып, ел бірлігін арттыру. Бұл шара — Елбасы мен Мемлекет басшысы ұсынған “Рухани жаңғыру”, “Ұлытау – ұлт бесігі” идеяларының нақты іске асуының көрінісі болып табылады.