
📌 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Жезқазған қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ұлытау облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды республикалық іс-шара өтті. Басқосу Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» отырысында берген тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
💡 Семинардың мақсаты: Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту, ғылым, білім, ІТ және креативті индустрия салаларында қазақ тілді контенттің үлесін арттыру мен цифрландыру мәселелерін талқылау.
Іс-шара барысында:
Жиын соңында қатысушыларға марапаттар табысталып, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған арнайы қарар қабылданды.