АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін Жезқазған қаласындағы Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында Абайдың адамгершілік, білім, еңбек, елге қызмет ету жөніндегі терең ойлары мен өсиеттері кеңінен сөз болды. Ұлы ақынның мол мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін де рухани бағдар, өмірлік ұстаным қалыптастыратын асыл қазына.

Іс-шараға мәдениет саласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар мәдениет саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, руханиятты дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Абай сөзі – ұрпаққа аманат, Абай мұрасы – мәңгілік қазына.
Ұлы ойшылдың тағылымын дәріптеу – баршамызға ортақ парыз.

Абайдың асыл мұрасы ұрпақ жүрегінде мәңгі жасай берсін!