
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жезкиік» және «Ұлытау үні» іс-шараларының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды.
Байқауға Қазақстан Республикасының шығармашылық мамандары, ұйымдастырушылар, мәдениет саласының өкілдері, сценаристер мен креативті топтар қатыса алады.
Байқаудың негізгі мақсаты – «Жезкиік» және «Ұлытау үні» іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған мазмұнды, креативті және бірегей тұжырымдама әзірлеу.
«Жезкиік» фестивалі — Халықаралық музыкалық-фольклорлық фестиваль. Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, ұлттық фольклорлық музыканы кеңінен насихаттау, дәстүрлі өнерді жаңғырту және оны халықаралық деңгейде таныту, сондай-ақ Ұлытау өңірінің туристік әлеуетін арттыру болып табылады.
«Ұлытау үні» фестивалі Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақтың төл өнерін ұлықтау, ұлттық мәдени мұраны жаңғырту және оны кеңінен насихаттау. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі ән-күйі, терме мен жыр өнерін дамытуға және жас ұрпақ арасында дәріптеуге бағытталған.
Сонымен қатар, фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі – жас таланттарды қолдау. Ел ішіндегі дарынды өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін ашып, оларға кәсіби сахнаға жол ашу көзделеді.
Фестиваль аясында тарихи тұлғаларды еске алу шаралары да ұйымдастырылады. Атақты жыраулар, күйшілер мен ақындардың (мысалы, Ақан сері, Құрманғазы, Сәкен Сейфуллин) мерейтойларына арналған арнайы байқаулар өткізіліп, олардың рухани мұрасы кеңінен насихатталады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарда:
Өтінімдерді қабылдау 4-25 мамыр күндері аралығы, эскиздік және концептуалдық ұсыныстар белгіленген мерзімге дейін ketbuka2025@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады (тақырыбында «конкурс» деп көрсету қажет).
Аталған байқауға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады. Байқау жеңімпаздарына сыйақы немесе материалдық көтермелеу қарастырылмаған.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (747) 434-02-28 байланыс телефонына хабарласуға болады.