Ономастика саласы

Ономастика саласы

Ұлытау облысында 3 қала 2 аудан, 667 құрамдас бөлік, 93  әкімшілік-аумақтық бірлік бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 көшеге қайта атау және атау беру жұмыстары жүргізілді.

Нақтырақ айта кетсек 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы аясында 8 көше атауы өзгертілді.

Ақпарат үшін:

Жезқазған қаласындағы 2 көше:

1. Мира даңғылы – Бейбітшілік даңғылы;

2. Либкнехт көшесі – Қамза Жұмабеков көшесі.

Жезқазған қаласы, Кеңгір кентіндегі 3 көше:

3. Молодежная көшесі – Жібек жолы көшесі;

4. Мира көшесі – Ұлы дала көшесі;

5. Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі.

Жезқазған қаласы, Қорғанбай ауылындағы 1 көше:

6. Атауы жоқ көше – Бірлік көшесі.

Қаражал қаласы, Шалғы кентіндегі 2 көше:

7. Карл Маркс көшесі – Қазына көшесі;

8. Фрунзе көшесі – Байқоныс көшесі.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің бір реттік тапсырмасына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін ұлықтау аясында облыста 8 көше атауы өзгертілді.

Ақпарат үшін:

Жезқазған қаласы бойынша 3 көше:

1. Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші көше – Бектай Әбсаттар көшесі болып;

2. Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші көше – Қалкен Мәкенбаев көшесі болып;

3. Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі екінші көше – Түсіп Секеманов көшесі болып қайта аталды.

Сәтбаев қаласы бойынша 5 көше:

4) Шығыс ауданындағы атауы жоқ №1 көше – Камит Жакенов көшесі;

5) Атауы жоқ №2 көше – Егізек Сердалинов көшесі болып;

6) Атауы жоқ №3 көше – Әбиш Исатаев көшесі болып;

7) Атауы жоқ №4 көше – Бирман Сулейменов көшесі болып;

8) Атауы жоқ №5 көше – Қожа Қалиев көшесі деп атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарға Республикалық ономастика комиссиясының (Бұдан әрі- РОК) оң қорытындысы берілді.