Ұлытау облысында Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ерекше мәдени іс-шара өтті

Ұлытау облысында Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ерекше мәдени іс-шара өтті

Ұлытау облысында Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ерекше мәдени іс-шара өтті. Т.Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облыстық филармония өнерпаздары Самади смарт орталығы алаңында концерттік бағдарлама ұсынып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Патриоттық және заманауи әндер шырқалып, жиналған жұртшылық алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырылды. Әр азаматтың таңдауы - ел болашағы үшін маңызды! Қала тұрғындары концертті жылы қабылдап, өнер иелеріне алғыстарын білдірді. Осындай ақпараттық-маәдени шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.