2026 жылы 30 қаңтарда, мемлекеттік мекемелерде цифрландыру жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті

2026 жылы 30 қаңтарда, мемлекеттік мекемелерде цифрландыру жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті

2026 жылы 30 қаңтарда, мемлекеттік мекемелерде цифрландыру жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша архив ісі, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Жанпейсова Э.С. Ұлытау облысына қарасты архив басшыларымен ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында мемлекеттік мекемелерде цифрландыру жұмыстарының жүргізілу барысы талқыланды. Сонымен қатар, архив басшыларына, жергілікті мемлекеттік мекемелерге «Е-архив» және цифрландыру тақырыптары бойынша семинар ұйымдастыру тапсырылды.