2025 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Архившілер күніне орай архив саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Архившілер күніне орай архив саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Архившілер күніне орай архив саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова құттықтау сөз сөйлеп, архив саласында абыройлы еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге марапаттар табысталды.
Салтанатты жиында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, ақын Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев Архившілер күніне арналған арнау өлеңін оқып, мерекелік шараның мазмұнын тереңдете түсті.
Іс-шара Тайжан Қалмағанбетов атындағы облыстық филармония өнерпаздарының әсем ән шашуымен жалғасын тапты.
Архив – ұлт жады. Ал сол баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп отырған архившілерге көрсетілер құрмет әрдайым жоғары болуы тиіс.