Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өңірдің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне жұмыс сапарымен барып, аймақтың креативті индустрия өкілдерімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өңірдің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне жұмыс сапарымен барып, аймақтың креативті индустрия өкілдерімен кездесу өткізді

23 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өңірдің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне жұмыс сапарымен барып, аймақтың креативті индустрия өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында вице-министр кітапхана жанынан ашылған «Creative library» креативті зертханасының жұмысымен танысты. Аталған жоба кәсіпкерлер палатасы «Атамекенмен» жасалған меморандум аясында жүзеге асырылып, креативті ойлау мен инновациялық бастамаларды дамытуға бағытталған.
Іс-шара барысында креативті сала мамандары мен кәсіпкерлерді қолдауға арналған заманауи бағдарламалар мен жобалар талқыланып, мемлекеттік қолдаудың тетіктері, жаңа мүмкіндіктер мен даму перспективалары сөз болды. Сонымен қатар, вице-министр қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, шығармашыл жастар мен бастамашыл азаматтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етті.