
23 желтоқсан күні Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында вице-министр министрліктің негізгі қызмет бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ Ұлытау облысының мәдениет, ақпарат және рухани даму салаларындағы жетістіктері мен нәтижелері туралы айта кетті. Сонымен қатар өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар да сөз болды.
Ресми бөлімнен кейін азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.