«Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік семинар және «Е-Архив» АЖ-де жұмыс істеу бойынша оқыту өтті.

«Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік семинар және «Е-Архив» АЖ-де жұмыс істеу бойынша оқыту өтті.

        6-7 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында мемлекеттік және ведомстволық архивтердің қызметкерлері үшін «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік семинар және «Е-Архив» АЖ-де жұмыс істеу бойынша оқыту өтті. Оған Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының архив ісі бөлімінің басшысы Жанпейсова Эльмира Сәрсенбайқызы, бас маманы Омарова Айжан Абдрасиловна және Ұлытау  облысының мемлекеттік архивінің «Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің басшысы Садуакасова Лейла Омирзаковна қатысып қайтты. Семинардың негізгі мақсаты – архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру,  оларды жұмыс барсында практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу және архившілердің біліктілігін арттыру.  

       Осы семинардың нәтижесінде 5 желтоқсан күні Ұлытау облысының мемлекеттік архивінде «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің модульдері, құрылымы және өзара интеграциясы тақырыбында мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету бөлімінің мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында

 Е-Архив ақпараттық жүйесінде ведомстволық архивтерге арналған модульдердің қызметі таныстырылды. Е-Архив жүйесін қалай орнату, Істер номенулатурасы, СК, СТК құру жөнінде видеороликтер бойынша көрсетіле отырып, мәліметтер берілді.