Ұлытау облысы бойынша құжаттарды цифрландыру жұмыстары туралы ақпарат
Ұлытау облысының мемлекеттік архивтері — облыстық, қалалық және аудандық архивтер — «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында архивтік құжаттарды жоспарлы түрде цифрландыру жұмыстарын жүргізуде.
Цифрландырудың негізгі мақсаты – архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың қолжетімділігін арттыру және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жеңілдету.
2025 жылы облыс көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі төмендегідей:
Цифрландырылған парақтар саны: 632065 парақ
Цифрландырылған іс бірліктері: 6970 іс бірлік
Цифрландырылған архивтік қорлар саны: 37 қор
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында облыстағы архивтер құжаттарды электрондық форматқа көшіруді әрі қарай жалғастырады.