Ұлытау облысында мәдениет үйлері қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Ұлытау облысында мәдениет үйлері қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты “Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы” КМҚК ұйымдастыруымен «Мәдениет үйлері қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру – шығармашылық дамудың кепілі» атты облыстық семинар-тренинг өтті. Іс-шараға аймақтағы мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың мамандары қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізудің заманауи әдістерін меңгерту, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.

Шараға “Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы” мемлекеттік мекемесінің басшысы Мағжан Табылдин қатысып, семинар спикерлеріне Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, арнайы әзірленген “Ұлытау өңірінің сал-серілері мен әншілері, күйші, ақындар” атты кітапты сыйға тартты.

Семинарға спикер ретінде:
• Арғынов Бабыр Мейрамұлы – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі, «Саз аспаптар шеберлерінің одағы» РҚБ төраға орынбасары;
• Умаров Тимур Кәрімжанұлы – халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Қарулы күштер орталық ансамблінің солисі, Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” классикалық өнер бөлімінің көркемдік жетекшісі қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Ауыл мәдениетін жаңғырту бағытында Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен ауылдық мәдениет үйлері қызметкерлері өз жобаларын қорғады:
• Бекзат Мұқатаев – «Әже мектебі – ұлттық тәрбие ұясы»;
• Жангелді Шәкіров – «Ауыл мәдениетін жаңғырту – ұлт болашағына үлес»;
• Зарема Ерболатқызы – «Қымыз жәрменкесі»;
• Самал Вазиева – «Сабан той–25».

Семинар қорытындысында қатысушылар мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың тиімді тетіктерін меңгеріп, өңірдегі мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруға бағытталған жаңа әдістерді тәжірибеге енгізетінін атап өтті.

Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.