Ұлытау облысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер арасында “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің символы” республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқауда мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері – әскери қызметшілер бақ сынасты. 4 кезеңді қамтыған сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, білімдерін, тілдік дағдыларын ортаға салып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
Байқау қорытындысында әділқазылар алқасының шешімімен Ұлытау облысы Полиция департаменті ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері (өзбек) Саврантаев Шамхат Музафарович республикалық кезеңге жолдама алды.