«Жошы хан және Алтын Орда: Тарих, мұра және ұлы дала
өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы.
2025 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Кеңгір» қонақжайның конференц-залында “Жошы хан және Алтын Орда:тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы басталды.
Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына Түркия, Татарстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан жерінен келген тарихшы, филолог ғалымдары қатысты.
Жошы хан (шамамен 1187–1227 жж.) – Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы, ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткері. Әкесінің батысқа жасаған жорықтарына белсене қатысып, Сібірден Еділ бойына дейінгі ұлан-ғайыр жерді бағындырды. Шыңғыс хан оған империяның батыс бөлігін мұраға қалдырып, ол аймақ кейін Жошы ұлысы аталды. Бұл ұлыс Алтын Орданың қалыптасуына негіз болды.
1 секция тақырыбы: «Алтын Орда және Жошы ұлысы кезеңіндегі мемлекеттілік пен тарихи-мәдени процестер».
Алғашқы баяндаманы онлайн режимде Тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев жасады.
Одан соң PhD доктор, Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарихшы Жақсылық Сәбитов, Генетик, биология ғылымдарының кандидаты, Ұлттық биотехнология орталығында адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабагин, Түркия мемлекетінен келген ғалым, тарихшы, PhD доктор Серхан Чинар,
археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері Дөкей Әбдікерімұлы Тадеев баяндама жасады. Келесі кезекте АНО «Шежере» ғылыми қызметкері Альберт Рифгатович Асылгужин, тарих ғылымдарының кандидаты, Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Артем Александрович Порсин, онлайн режимде мүсінші, реставратор, Венгрия Ұлттық зерттеу институтының бас маманы Эмесе Габор және реставратор, Павлодар мемелекеттік университеті Татьяна Николаевна Крупа, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Түркі халықтарының тарихы және этнологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент МАММАДЛИ Гюллю Йолоғлу қызы, Өзбекстан мәдениеттану және материалдық емес мәдени мұра институтының зерттеуші тәлімгері Достон Хамидов баяндама жасады.
Конференцияға онлайн режимде Түркі академиясы, ғылым бөлімінң аға сарапшысы Нәпіл Базылхан қосылып, баяндама жасады.
Одан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің, Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты тарихи-мәдени мұра бөлімінің аға ғылыми қызметкері Әбдінұр Арғынбайұлы Нұсқабай баяндама жасады.
Халықаралық ғылыми-танымдық конференция 28 қыркүйек күні жалғасады.