Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

2025 жылғы 30 тамыз күні Алаш алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кеште өнер ұжымдарының театрландырылған қойылымдары, поэтикалық композициялар, патриоттық әндер мен күйлер орындалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков қатысып, тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік марапаттар табысталды:

  • ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» ордені – Салықова Ракета Мұзарқызына (Қазақмыс Корпорациясының бас жобалау институтының директоры);
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі – Сағынбаев Түлікбай Тыныштықбайұлы, Көпеева Зейнетай Әбікенқызы, Абжамалов Есенғали, Жакенов Шайкибек Қамитұлы, Түсүпбеков Әбілхан Балмұханұлы;
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл» мерекелік медалі – Бегаев Жомарт Сәбитұлы, Мулақов Әбулаис Түсіппекұлы, Сапарбаев Шәймерден, Хусайнова Рымжан Сәрсенбекқызы, Ыдырысова Рахыш Нәшкенқызы.

Сондай-ақ, бірқатар азаматтар мемлекеттік және облыстық Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болды. Олардың қатарында: Таджиева Гульназия Бралиновна, Бекенов Әли Тұрсынұлы, Фомин Валерий Олегович, Аяшова Роза Аяшқызы, Говзец Владимир Викторович, Мырзабаев Мәлік Қамитұлы, Тоған Азат Жасланұлы, Смаилов Асхат Жарылғасынұлы, Әбдірахманов Ербол Ермекұлы бар.

Мерекелік концерт бағдарламасына еліміздің танымал өнер жұлдыздары – Ибрагим Ескендір, Серік Ибрагимов, Әли Өтенов, Алтынай Жорабаева және облыс өнерпаздары қатысты. Кеш соңында жастарға арналған музыкалық шоу-дискотека өтті. Бұл шара Ұлытау жұртшылығының елдік бірлігін нығайтып, Конституциямыздың қоғамдағы айрықша орнын айшықтай түсті.