«Ұлытау үні-2025» фестивалі
22 тамыз сағат 10.00
2025 жылдың 22 тамызында 33 рет дәстүрлі республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды. «Ұлытау үні» фестивалі - талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестиваль аймағымыздың рухани өмірінде айрықша орын иеленеді.
Төл өнерімізді ұлықтап, сырлы, сазды әндерімізді, ел ішіндегі өнерпаздар мен танымал тұлғалардың шығармашылығын дәріптеп келе жатқан «Ұлытау үні» фестивалі өз дәстүрінен жаңылған емес.
Фестивальдің ашылуы Кеңгір жағалауындағы Амфитеатр сахнасында хореографиялық композициясымен басталды. Киелі Шыңғыстау бауырында өткен ұлы Абайдың 180 жылдық тойының Ұлытау даласындағы жаңғырығы ретінде Абай туралы театрландырылған көрініс көрсетілді.
Ашылу салтанатында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ақылбекова Зина Жұманазарқызы құттықтау сөз сөйледі.
Фестивальдің ашылуында фестиваль қонақтары:
- Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, әнші Асқар Мұқият өнер көрсетті.
Дәстүр бойынша фестивальдің ашылу салтанаты Жақсыкелді Сейіловтің «Ұлытау» әнімен аяқталды. Орындаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов.
22 тамыз сағат 11.00
Кеңгір су қоймасы жағалауындағы Амфитеатр сахнасында фестивальдің ашылуы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жылдығына арналған әншілер байқауына жалғасты.
Әндері қазақ даласын шарлап кеткен даңқты композитор, қазақ вальсінің королі, алаштың аяулы ұлы, кенді аймаққа арнап «Жарқырайды Жезқазған» әнін жазған саз саңлағы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай вокал жанры бойынша байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 үміткер қатысты:
Байқаудың қазылар алқасы:
Байқау жеңімпаздары:
22 тамыз сағат 20.00
Осы алаңда байқаудың 1-ші кезеңінен өткен үміткерлер өнер көрсетеді.
22 тамыз сағат 11.00
Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ХХХІІІ дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өтетін сазгер-күйші, Кетбұқа жыраудың 840 жылдығына арналған күйшілер байқауы басталды.
Кетбұқа бабамыз – артына аталы сөз тастаған жырау, өлмес күй мұрасын аманаттап кеткен даңғайыр күйші.
Кетбұқа бабамыздың өлмес мұрасын насихаттау, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында бірнеше танымдық кітаптар, «Кетбұқаның күй мұрасы» атты жинақ шығарылды. Жезқазған қаласының орталық алаңдарының біріне бабамыздың еңселі ескерткіші тұрғызылды. мақалалар жазылды, конференциялар, халықаралық күй конкурстары өтті.
Бүгінгі республикалық күйшілер конкурсы Кетбұқа бабамыздың 840 жылдығына арналып отыр.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 9 үміткер қатысты:
1 |
Шомбаев Сырым Еділханұлы |
Жамбыл облысы |
2 |
Қарамұханова Әлия |
Маңғыстау облысы |
3 |
Сәтім Ернар Сәкенұлы |
Түркістан облысы |
4 |
Жолдығали Әділет Саматұлы |
Атырау облысы |
5 |
Қасымова Айшолпан |
Астана қаласы |
6 |
Оспанов Нуриден Мусаулы |
Ұлытау олысы |
7 |
Жайлыбай Азиз Төлегенұлы |
Қызылорда облысы |
8 |
Махмут Алтынай |
Қарағанды олбысы |
9 |
Ақерке Серікқызы |
Алматы қаласы |
Байқаудың қазылар алқасы:
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Қасымова Айшолпан
22 тамыз сағат 11.00
Жезқазған қаласының өнер мектебінде ХХХІІІ дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалінің аясында өтетін Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мульти аспапшылар байқауы басталды.
Биыл - әйгілі күйші, композитор, дирижер, дәулескер домбырашы. «Қазақ КСР-і халық әртісі», «КСРО Халық әртісі», «Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын әлем жұртына танытқан тұлғаның мерейтойына орай ЮНЕСКО биылғы жылды «Н.Тілендиев жылы» деп жариялаған болатын.
Мультиаспапшылар байқауы облысымызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Байқауға қатысуға 11 үміткер ниет білдірді.
1 |
Османова Мадина |
Астана қаласы |
2 |
Омар Назира |
Алматы қаласы |
3 |
Бурабаев Руслан |
Қызылорда облысы |
4 |
Шөкенов Темірлан |
Қарағанды облысы |
5 |
Қазихан Айха |
Ақмола облысы |
6 |
Мақатан Жаныбек |
Жетісу облысы |
7 |
Балмаганбетов Бекарыс |
Ақтөбе облысы |
8 |
Құрақ Аяжан |
Астана қаласы |
9 |
Оспанов Нүриден |
Ұлытау облысы |
10 |
Альмишев Санджай |
Ұлытау облысы |
11 |
Бағдар Жарқын |
Ақмола облысы |
Байқаудың қазылар алқасы:
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Альмишев Санджай (Ұлытау облысы)
23 тамыз сағат 10.00
Фестивальдің шарықтау шегі саналатын республикалық ақындар айтысын 23 тамыз күні сағат 10.00-де тамашалай аласыздар. Айтыс қорытындысы 23 тамыз күні сағат 17.00-де шығарылады. Сол күні кешкі сағат 18.00-де осы амфитеатрде фестивальдің Гала-концерті өтеді.
Айтысқа 12 ақын қатысады.
Қазылар мүшелері:
Жүрсін Ерман – төраға, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Ұлытау облысының құрметті азаматы.
Айтысты Аманжол Әлтай жүргізеді.
Жеңімпаздары:
23 тамыз сағат 18.00
«Кеңгір» су қоймасы жағалауындағы Амфитеатрда «Ұлытау үні» фестивалінің жабылуына арналған гала-концерт өтеді. Концерт шымылдығын Т.Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының өнерпаздары ашады.
Одан кейін фестиваль аясында өткен байқаулардың Бас жүлде иегерлері өнер көрсетеді.
Фестивальдің гала-концертінің арнайы шақырылған қонақтары: