Ұлытау облысында “Мемлекеттік тіл және БАҚ” облыстық байқауы өткізілді.

Ұлытау облысында “Мемлекеттік тіл және БАҚ” облыстық байқауы өткізілді.

2025 жылғы 23 маусымда “Мемлекеттік тіл және БАҚ” атты облыстық байқауы өтті.

Аталған байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау және қазақ тілінің өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару болатын.

Байқауға кәсіби журналистер, телерадио қызметкерлері, газет және сайт ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік тіл тақырыбында материал жариялаған облыс тұрғындары қатысты.

Байқау екі негізгі номинация бойынша өткізілді:
• «Үздік мақала»
• «Үздік теле/радио бағдарлама»

Жеңімпаздарды кәсіби әділқазылар алқасы анықтады. Жүлдегерлер төмендегідей марапатталды:

«Үздік мақала» номинациясы бойынша:

🥇 I орын — Наурызбаева Меруерт Тұяққызы (жүлде – 100 000 теңге)
🥈 II орын — Тлемисова Жаннұр Төлендіқызы (жүлде – 80 000 теңге)
🥉 III орын — Ғабдысаттар Маржан Ғабдулмәлікқызы (жүлде – 60 000 теңге)

«Үздік теле/радио бағдарлама» номинациясы бойынша:

🥇 I орын — Серекбаева Гүлшахира Әлібайқызы (жүлде – 100 000 теңге)
🥈 II орын — Төлегенова Алтынгүл Мәжікенқызы (жүлде – 80 000 теңге)
🥉 III орын — Қоғай Нұрай Мұхамедәлиқызы (жүлде – 60 000 теңге)

Барлық жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар үйлестірілді.