2025 жылғы 27 ақпанда «Ұлытау облыстық тілдерді дамыту орталығы» КММ-сі Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тіл мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдістеме, тәжірибе, инновация» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Шараға жоғары оқу орнының оқытушылары, «Тілтану» және «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталықтарының мамандары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты – тілді оқытудағы жаңа әдістер мен инновациялық тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу. Шара барысында қатысушылар оқытуда қолданылатын заманауи әдістермен бөлісіп, тіл үйренудегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Іс-шара соңында білім беру сапасын арттыру үшін жаңа бағдарламалар әзірлеу, семинарларды тұрақты өткізу және мекемелер арасында серіктестік орнату ұсынылды. Жаңа тәсілдермен бөліскен оқытушылар алғысхаттармен марапатталды.