
🔹31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Еренғайыпұлы Табылдин Жезқазған өңіріндегі Степлаг саяси лагерінің тарихи орындарын аралап, қазіргі жай-күйімен танысты.
🔹Сапар барысында нысандардың сақталуы, тарихи маңызын насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу жолдары және экскурсиялық мүмкіндіктері қарастырылды. Басқарма басшысы жергілікті мекемелерге тарихи сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында кешенді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.