С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрында 27-28 мамыр күндері Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» шығармасының желісі бойынша спектакль өтті.
🔹Көрермен назарына ұсынылған бұл әсерлі спектакльге Ұлытау облысының әкімі Д.А.Рыспеков арнайы қатысып, өнер ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
🔹Қойылымның қоюшы режиссері – ҚР халық артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, профессор Талғат Теменов, қоюшы суретші – Қуат Дүйсенбек. Спектакльде өмір мен өлім, махаббат пен үміт, ұрпақ жалғастығы сынды мәңгілік құндылықтар терең философиялық мазмұнда көркем бейнеленді.
🔹Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, жүректерге жол тапты.