Ұлытау облысында «Жазу – жадының кілті: Түркі мен славян халықтарының жазба мәдениеті» атты облыстық конференциясы өтті.

Ұлытау облысында «Жазу – жадының кілті: Түркі мен славян халықтарының жазба мәдениеті» атты облыстық конференциясы өтті.

Ұлытау облысында «Жазу – жадының кілті: Түркі мен славян халықтарының жазба мәдениеті» атты облыстық конференциясы өтті.

Шара Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, Түркі және славян жазбалары күнін мерекелеу аясында өткізілді.

Конференцияның мақсаты – түркі және славян халықтарының жазба мұрасын насихаттау, тарихи, мәдени және тілдік сабақтастығын зерттеу бағытындағы ғылыми нәтижелермен бөлісу.

Конференция барысында төмендегі баяндамашылар мазмұнды баяндамаларымен бөлісті:
1. Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы – Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Баяндама тақырыбы: «Түркінің тарихы мен жазуына шолу».

2. Дукенбаева Зада Оразғалиқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
Баяндама тақырыбы: «Түркі және славян жазба мәдениеті: тарихи алғы шарттары мен факторлары».

3. Әуезов Қабдол Жанділдаұлы – Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті Қазақстан тарихы және экономика кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі, Ph.D докторант.
Баяндама тақырыбы: «Түркі мен славян халықтарының жазба мәдениетінің зерттелу тарихы».

4. Сейтжанов Мұхтар Бақытұлы – тарихшы, Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ басшысы.
Баяндама тақырыбы: «Шыңғыс дәуіріндегі Ұлытау кесенелері».

Конференция аясында ғалымдар, тарихшылар мен педагогтардың баяндамалары топтастырылған «Баяндамалар жинағы» жарық көрді.