21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл күн Ұлытау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері үшін арнайы ұйымдастырылған спорттық ойын түрлері – шахмат, үстел теннисі бойынша жарыспен басталды. Жарыс «Жігер» спорттық кешенінде өтті. Жарысқа Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениеті үйі, Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайы, Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы, Жаңаарқа мәдени-сауық орталығы, Ұлытау аудандық мәдениет үйі, Облыстық тарихи-археолгиялық музейі, Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві, Облыстық тілдерді дамыту орталығы, Облыстық әмбебап кітапханасының мәдениет қызметкерлері қатысты.

2025 жылдың 21 мамыры күні Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде  мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу аясында Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рыспековтің қатысуымен жыл сайынғы салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шара жақсы жаңалықтарды жария етумен басталды. Жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Байбосынов Қайрат Әукенұлына Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді.

Сонымен қатар Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Қожахметова Гүлнар Сәруәрқызы Мемлекет басшысының қолынан Мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Іс-шара барысында Ұлытау облысының ерекше көзге түскен мәдениет қайраткерлерін ресми мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалі, ведомстволық наградалар «Еңбек ардагері» медалі және «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, Ұлытау облысының Құрмет грамотасы,  Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік награда “Ерен Еңбегі үшін” үшін медалімен Жунусова Гаухартас марапатталады. Ұлытау аудандық Мәдениет үйіне қарасты Егінді ауылдық клуб үйінің меңгерушісі.
  2. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Өткелова Сәбира Әбдіқадырқызы марапатталады. Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің суретші - безендірушісі.

 

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Жангелдина Күлғадиша Уайсқызы марапатталады. Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

 

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Окшиева Рауан Сұлтанәліқызы марапатталады. Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық -драма театрының әртісі.

 

Сонымен қатар «Өз қызметін Ұлытау облысының аумағында жүзеге асыратын мәдениет және өнер қызметкерлеріне, тіл жанашырларына, мемлекеттік архив саласының қызметкерлеріне берілетін Ұлытау облысы әкімі сыйлығының  лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл лауреаттар 23 номинация бойынша марапатталды. Оның ішінде:

«Жыл әртісі»

«Жылдың үздік эпизодтық рөлі»

«Жылдың эстрада жанрының вокалисі»

«Халық әнін үздік орындаушы»

«Тарихи-мәдени мұраны үздік насихаттаушы»

«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі»

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы»

«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері»

«Ауылдың үздік кітапханашысы»

«Үздік кітапханашы»

«Үздік музей қызметкері»

«Үздік менеджер»

«Киелі қалам»

«Үздік техникалық қызметкер»

«Тіл жанашыры»

«Тіл майталманы»

«Тіл насихатшысы»

«Үздік архив қорын жинақтаушы»

«Үздік архив қорын сақтаушы»

«Үздік архив жариялаушысы»

«Үздік экспозиционер»

«Креативті маман»

 «Мамандығына адалдығы үшін»

 

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Арнайы шақырылған Қазақстанның өнер жұлдыздары Андрей Малаховтың арнайы жобасының қатысушысы, Жас эстрада жұлдызы Сәкен Әлімхан, Шымкент  Сатира театры және Шаншар театрының әртістері Ақынбеков Ғалымжан, Сүлейменова Ақмарал және қазақ эстрадасының жұлдызы, жерлесіміз Нұржан Керменбаев мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтап, әнмен шашу шашты, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Видеоның толық нұсқасын келесі ссілтеме арықыл көре аласыздар (https://www.facebook.com/share/v/16ZE2VJN2q/?mibextid=wwXIfr).