Құрметті жерлестер!
2025 жылғы 18 наурызда Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша және аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформа, аймақтық даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша О.М. Карабалинованың «Өскемен ауылдық округі әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы», аудан әкімінің орынбасары Л.К. Кенжетаеваның «Ұлан ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» ақпараттары тындалды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.