Мәслихаттың кезекті отырысы

Мәслихаттың кезекті отырысы

Құрметті жерлестер!

2025 жылғы 18 наурызда аудандық мәслихатының кезекті XXXVI сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі А.І. Бекбосынов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Р. Әділов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ және кент әкімдері қатысты.

Сессияда 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы сияқты маңызды мәселелер қаралды. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Ч. Бердигожаева бюджет орындалуы туралы есеп беріп, Шығыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының өкілі Е.Р. Әділов бақылау нәтижелері туралы баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары К.Б. Окасов Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралардың дайындық барысын таныстырып, ардагерлерге құрмет көрсету үшін жоспарланған шараларды атап өтті.

Сессия барысында барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына қатысты маңызды қадамдар жасалды.