Аудандық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Аудандық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі А. І. Бекбосынов, аудандық мәслихат төрағасы Г. Н. Калиева, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Жиын басында аудан әкімі А. І. Бекбосынов өткен құрамның белсенді мүшелеріне ауданның қоғамдық өміріне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, А. Е. Гапченко, М. Ф. Мухитов, А. Ш. Жунусова, М. Пәйзолла, С. А. Кучерин, К. Шағамбай және Е. С. Сатыевты арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Жиын барысында қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы Д. М. Мусин болып сайланды.

Жаңа құрам қоғаммен тығыз байланыс орнатып, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысуды мақсат етіп отыр. Кеңес мүшелері алдағы жұмыс жоспарларын талқылап, халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында нақты шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.