Құтқарушылар күнімен құттықтау!

Құтқарушылар күнімен құттықтау!

Құрметті Қазақстан Республикасының құтқару саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер әрқашан өз қызметіңізге жүктелген басты міндетті – төтенше жағдайлар кезінде халықты құтқарып, қауіпсіздігін қамтамасыз етесіздер. Бұл жауапты да қиын мамандықты игеру кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Себебі сіздер өздеріңізді аямай, ерлік көрсете отырып, бірінші болып қиыншылыққа тап болған адамдарға көмекке келесіздер!

Алдағы уақытта да төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарымыздың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп, өз қызметтерін абыроймен атқаратынына сенемін!

Қадірлі құтқарушылар, халқымыздың қауіпсіздігін сақтау бағытында қосып жатқан үлестеріңіз ұшан-теңіз, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева