
Құрметті жерлестер!
Бүгін, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында Каменка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді және сайлауалды бағдарламаны орындауы туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік және туризм бөлімі сектор меңгерушісінің аудандағы туризмді дамыту туралы есептері тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар нақты ұсынымдар мен ұсыныстар енгізіп, тиісті қаулылар қабылдады. Ауданымыздың туристік әлеуетін одан әрі дамыту мәселесі аудандық мәслихаттың алдағы кезекті сессиясының қарауына шығарылды.