Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2026 жылғы 19 мамырда Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес құрамына, соның ішінде резервтік тізімнен қосу бойынша қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардан түскен ұсыныстарды талқылау;
  2. Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер әрбір кандидатпен сұхбаттасу және ашық дауыс беру;
  3. Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидаттардың резервтік тізімін жасақтау.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес құрамына келесі кандидаттар сайланды:

  • Айтказинов Думан Арқалықұлы;
  • Кемешев Руслан Набиолданович;
  • Серғазин Амангелді;
  • Гладышев Василий Васильевич.

Резервтік тізімге Абдуллина Нұршат Алтайхановна енгізілді.