
№ 1 хаттама
Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөніндегі отырыс
Өткізу орны: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Ұлан ауданы әкімдігінің ғимараты, Абай алаңы № 5
Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 24 сәуір, сағат 11.00
Қатысушылар саны: 6 адам (қоса беріледі)
Жиналыс төрағасы: Қалиева Гүлмайра Набиевна – Ұлан аудандық мәслихатының төрағасы
Жиналыс хатшысы: Умарзаков Ермек Ерсайынұлы – Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы
Күн тәртібі:
Сөз сөйледі Гульмайра Набиевна Қалиева: Қоғамдық кеңес құрамынан бірнеше мүшенің шығуына байланысты Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесінің қосымша құрамын қалыптастыру қажет. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамын бекіту туралы» өкім қабылданды. Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өкілдері қатарынан жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жарияланды, онда жұмыс тобының сандық құрамы, құжаттарды тапсыру мерзімдері, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар көрсетілді. Жұмыс тобы құрамындағы мемлекеттік орган өкілдерінің үлесі жалпы мүшелер санының үштен бірінен аспайды. Жергілікті деңгейде азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісін құрайды және үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Отырыс барысы:
Ұсынылған құжаттар негізінде шешілді: төмендегі кандидатураларды Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін ұсыну және дауысқа қою:
|
№ |
Т.А.Ә. |
Лауазымы |
|
1 |
Сергазинов Рустем Рашидович |
Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы |
|
2 |
Берікқожаева Гауһар Думанайқызы |
«Аманат» партиясы Ұлан аудандық филиалының төрағасы |
|
3 |
Ибраимова Алгиза Дүйсембиновна |
Ұлан ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы |
|
4 |
Умурзаков Ермек Ерсайынұлы |
Ұлан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы |
|
5 |
Кусметова Асель Нурлановна |
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалының директоры |
«қолдады» - 5;
«қарсы» - 0;
«қалыс қалды» - 0.
Шешім: Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын мәслихат төрағасының өкімімен бекіту.
Дауыс беру нәтижесі:
«қолдады» - 5;
«қарсы» - 0;
«қалыс қалды» - 0.
Шешім: Ұлан ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып Ибраимова А.Д. сайлансын.
Шешім:
Жиналыс төрағасы Г. Қалиева
Жиналыс хатшысы Е. Умурзаков