Ұлан аудандық мәслихаты Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобына мүшелерді сайлау жөнінде конкурс жариялайды

Ұлан аудандық мәслихаты Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобына мүшелерді сайлау жөнінде конкурс жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мүшелігіне кандидат бола алады.

Кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Жұмыс тобы мүшелігіне кандидат анықтамаларды дербес немесе мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етуге жазбаша келісімі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 5-тармағына сәйкес мәслихат бес адамнан тұратын жұмыс тобы мүшелерінің сандық құрамын анықтады.

Ұсыныстар Ұлан аудандық мәслихаты жазбаша түрде 2026 жылғы 22 сәуірге дейін ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 үй, 207 кабинет мекенжайы бойынша сағат 17:00-ге дейін немесе: ulan-maslihat@mail.ru. электрондық пошта арқылы қабылданады.