
Бүгін, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихатының бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі бойынша, сондай-ақ депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және элеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында Асубұлақ және Огневка кенттері әкімдерінің 2025 жылғы округ бюджеттерінің орындалуы туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар, Төлеген Тоқтаров және Саратовка ауылдық округтерінің әкімдері су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар нақты ұсынымдар мен ұсыныстар енгізіп, тиісті қаулылар қабылданды. Бюджеттің атқарылуы және тасқын кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда тұр.