
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері - аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева мен аудандық мәслихат депутаты А.С. Манаповамен бірге Гагарино ауылында кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы - мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат, жаңа Конституция жобасы болды.
Ашық диалог барысында реформаның негізгі бағыттары мен олардың ел үшін стратегиялық маңызы түсіндірілді. Конституциялық реформа — бұл жай ғана құқықтық жаңғыру емес, бұл әрбір азаматтың өміріндегі сапалы өзгерістердің негізі. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, билік органдарының өкілеттіктерін кеңейтуге және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы есептілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Ұсынылып отырған өзгерістер әрбір азаматтың дауысы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда нақты күшке ие болатын тұрақты саяси жүйе құруға бағытталған.
Кездесу соңында аудандық коалиция мүшелері барлық қатысушыларды азаматтық белсенділік танытуға және 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды. Саналы таңдау жасау - ортақ болашағымызға қосылған жеке үлес. Бүгінгі әрбір дауыс ертең қандай елде өмір сүретінімізді айқындайды.