"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" аудандық коалиция мүшелері Герасимовка ауылында кездесу өткізді

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" аудандық коалиция мүшелері Герасимовка ауылында кездесу өткізді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері - аудандық мәслихат төрағасы Г.Н. Калиева мен аудандық мәслихат депутаты В.В. Гладышев Герсимовка ауылында кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы, реформаның негізгі бағыттары және олардың елдің одан әрі дамуы үшін стратегиялық маңызы талқыланды.

Конституция жобасы негізгі Заң мәтінінің кең көлемде (шамамен 84 %) өзгеруін көздейді, бұл мемлекеттің институттық дамуының жаңа кезеңін көрсетеді. Жобада бірпалаталы Парламент — Құрылтай енгізіліп, ол екіпалаталы жүйенің орнын басып, қоғамның саяси мүдделерін тиімдірек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа билік институттары бекітіліп, Халық Кеңесі заң шығарушылық бастама құқығымен белгіленеді. Адам құқықтары мен бостандықтары бойынша кепілдіктер күшейтіліп, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер кеңейтіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы артып, қоғамның шешім қабылдауға ықпалына арналған қосымша механизмдер енгізіледі. Сондай-ақ, билік тармақтарының өкілеттіктері нақтылай отырып, білім, ғылым, мәдениет және инновациялар салаларын қоса, барлық өмір салаларының тұрақты дамуына құқықтық негіздер күшейтіледі.

Бұл өзгерістер мемлекетті нығайтуға, басқару тиімділігін арттыруға және әрбір азамат үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Кездесудің соңында барлық қатысушыларды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға және саналы таңдау жасауға шақылды. Әрбір дауыс маңызды, ал қабылданған әр шешім — елдің ортақ болашағына қосқан үлес болып табылады.