
Бүгін Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Лұкбек Шабданұлы Тумашинов аудан тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Қасым Қайсенов кентіндегі емхананың медициналық қызметкерлерімен ашық әрі мазмұнды диалог өтті, одан кейін кітапхана жүйелері және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты аудандық ардагерлер кеңесінің IX есептік-сайлау конференциясына қатысты.
Кездесулер барысында Лұкбек Шабданұлы жаңа Конституцияның мәні туралы айтып, реформаның негізгі бағыттарын, олардың мемлекеттік құрылымды нығайтудағы, билік институттарының жауапкершілігін арттырудағы және азаматтардың елді басқаруға қатысуын кеңейтудегі стратегиялық рөлін түсіндірді.
Қоғам тарапынан кең қолдау тапқан бұл маңызды саяси реформа жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпал ететін шешім ретінде бағаланды - , деп атап өтті. 2026 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені бұл тек ақпарат беру емес, ашық пікір алмасу алаңы. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай мазмұнды диалог реформалардың мәнін тереңірек түсінуге және әр азамат үшін айқын болуына ықпал етеді.
Мәжіліс депутаты референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Әрбір қабылданған шешім – ортақ болашағымызға қосылған үлес.