Огневка кентінде кездесу

Огневка кентінде кездесу

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ұлан аудандық колициясы құрылып, өз жұмысын бастады.

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы, коалиция мүшесі Г.Калиева мен аудандық мәслихат депутаты Д. Токановпен бірге Огневка кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің мұғалімдері және кент тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституцияның жобасы жан-жақты қаралып, реформалардың негізгі бағыттары мен мемлекеттің одан әрі дамуы үшін стратегиялық маңызы талқыланды.

Белсенді әрі құқықтық санасы жоғары қоғам қалыптастырудағы білімнің және азаматтық жауапкершіліктің рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, Парламенттің рөлін күшейту және парламенттік бақылау тетіктерін кеңейту, әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайту және қоғамдық ресурстарды әділ бөлу мәселелеріне тоқталды.

Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені бұл тек ақпарат беру емес, ашық пікір алмасу алаңы. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай мазмұнды диалог реформалардың мәнін тереңірек түсінуге және әр азамат үшін айқын болуына ықпал етеді.

Кездесудің соңында барша қатысушыларды 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, біртұтас ел ретінде өз таңдауларын жасауға шақырылды. Өйткені әр дауыс маңызды. Әрбір қабылданған шешім – ортақ болашағымызға қосылған үлес.