Тарғын ауылындағы І. Айтыков атындағы орта мектептің мұғалімдермен кездесуі

Тарғын ауылындағы І. Айтыков атындағы орта мектептің мұғалімдермен кездесуі

Бекітілген желілік кестеге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы                           Г. Калиева мен аудандық маслихат депутаты А. Рахымбердинов Тарғын ауылындағы І. Айтыков атындағы орта мектептің мұғалімдермен кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды:

  • білім, ғылым, мәдениет және инновациялар - болашақ мемлекеттің негізі және адами капиталдың дамуы ретінде анықталды;
  • адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту - әділдік, теңдік және заң үстемдігін қамтамасыз ету принциптерін бекіту;
  • сот жүйесін жетілдіру - оның тәуелсіздігін арттыру және конституциялық бақылауды нығайту;
  • мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру – ашықтық және есептілікті қамтамасыз ету.

Мазмұнды талқылау барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Өткізілген кездесу ашық пікір алмасу алаңы болып, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.